АҚШ-та 265 мың адам 2 күннен бері жарықсыз отыр
АҚШ-тың орталығы мен шығысында қалың қарға байланысты 265 мың адам 2 күннен бері жарықсыз отыр. Сондай-ақ 23 мың әуе рейсі кейінге шегерілген.
Көлік қозғалысы тоқтап, мектептер жабылды. Билік тұрғындарға ұзақ сапарға шықпай, үйде отыруға кеңес беріп әлек. Солтүстік Техаста ақ ұлпаның қалыңдығы 15 сантиметрге жетеді деген болжам бар. Бұл осы аймақтағы қалыпты көрсеткіштен 4 есе көп. Мамандар: «Күннің күрт бұзылуына Арктика жақтан келген аса суық ауа ағыны себеп», – дейді. Боран салдарынан 5 адам ажал құшты. Тағы 400-ге жуық тұрғын зардап шеккен. 7 штат аумағында төтенше жағдай жарияланды.