Британияның фунт стерлингі құлдырады

Ағылшын фунт стерлингі әлсіреді.

Қазір оның долларға шаққандағы бағамы 2023 жылдың аяғынан бергі ең төменгі деңгейге түсті.

Ал мемлекеттік облигациялар кейінгі 16 жылда болмаған көрсеткішке төмендеген. Сарапшылардың айтуынша, үкімет осыған байланысты салық мөлшерін арттырып, шығындарды қысқартуы мүмкін. 2022 жылы Лиз Трасс ел үкіметін басқарғанда осыған ұқсас жағдай болған еді. Фунт құлдырап, кейін министрлер кабинеті отставкаға кеткен.