Норвегияда рекордты көлемде табиғи газ өндірілді
Былтыр Норвегияда рекордтық көлемде табиғи газ өндірілді.
Норвегия оффшорлық директораты келтірген дерек бойынша, 2024 жылы игерілген өнім көлемі 124 миллиард текше метрді құраған. Бұған дейінгі рекорд 122 миллиард 800 мың текше метр болатын. Сарапшылардың болжамы бойынша Норвегияда көгілдір отын өндірісі әлі бірнеше жыл жоғары деңгейде болады. Тек онжылдықтың соңында төмендеуі мүмкін.