Газа секторында қақтығыс тоқтауы мүмкін
Газа секторындағы қақтығыс жақын арада тоқтауы мүмкін. Бұл туралы Қатар сыртқы істер министрі мәлімдеді.
Маджид бин Мохаммед әл-Ансаридің айтуына қарағанда, ХАМАС пен Израиль арасындағы бітім туралы келіссөз аяқталуға жақын. Сондай-ақ ол кейінгі 2 жылда жүргізілген келіссөздердің нүктесі сәтті қойылатына кәміл сенімді. Бұл Дохада өтіп жатқан келіссөздердің соңғы әрі шешуші кезеңі болмақ. Оған Египет, Қатар және АҚШ арағайындық етуде.