Индонезияда балаларға әлеуметтік желіні қолдануға тыйым салынуы мүмкін

Индонезияда балаларға әлеуметтік желіні пайдалануға тыйым салынуы мүмкін, деп хабарлайды 24kz.

Үкімет қолданушылар үшін ең төменгі жасты орнатуға ниетті. Биліктің мұндай бастама көтеруі бекер емес. Зерттеу нәтижелері көрсетіп отырғандай, елде 12-ге толмаған балалардың жартысы интернетті қолданады. Арасында әлеуметтік желілерді пайдаланатындар да аз емес. Жаңа заң балаларды цифрлық кеңістікте қорғауға бағытталады. Жақында Австралияда да 16-ға толмаған қолданушыларды әлеуметтік желіде тіркеуге тыйым салатын заң күшіне енді.