Лос-Анджелестегі өрт кезінде ұрлық жасағандар ұсталды
Лос-Анджелестегі өрт кезінде ұрлық жасаған 40-тан астам адам ұсталды. Оқиға Санта-Моника ауданында болды. Бұл туралы жергілікті полиция хабарлады.
Олардың мәліметі бойынша өрттің күшеюінен 88 мың тұрғын баспанасын тастап қашуға мәжбүр болған. Осыны пайдаланып, ұры-қарылар бос тұрған үйлердің құлпын бұзып, ішіндегі заттарын тонаған. Құқық қорғаушы орган өкілдерінің дерегі бойынша ұсталғандардың көбі басқа аудандардан келген. Оларды тергеу барысында резеңке қолғап, бетперде мен терезелерді сындыруға арналған құралдар табылды.