Батыс көшбасшылары Израиль мен ХАМАС келісіміне қолдау білдірді

Батыс елдерінің басшылары мен халықаралық ұйым өкілдері Израиль мен ХАМАС арасындағы бейбіт келісімге қатысты пікір білдірді.

Бұл хабарды АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трамп өзінің әлеуметтің желісінде алғашқылардың бірі болып жариялады. Айта кетейін, ол өзінің ресми қызметіне кіріспес бұрын, сайлау алды науқан кезінде кепілдегі тұтқындарды босатуға күш салуға уәде берген болатын. 

Цитата

Дональд Трамп, жаңа сайланған АҚШ  Президенті:

Келісім тармағындағы Таяу Шығыстағы кепілдегі адамдарды босату туралы мәселе біздің назарымызда болды. Оларды жақында босатады. Рахмет! 

Ал Франция президенті Эммануэль Макрон алдымен Газадағы 15 ай бойы қиын күн кешкен бейбіт тұрғындардың жағдайына тоқталды. Ол халықаралық қауымдастықты жағдайды бақылауға ұстауға шақырды.

ЦИТАТА

Эмманюэль Макрон, Франция президенті

Келісімнің сақталуы қатаң қадағалануы керек. Кепілдегі тұтқындар босатылуға тиіс. Газа тұрғындары бейбіт өмір сүруге құқылы. Бұл келісім саяси дұрыс шешім деп ойлаймын. 

Біріккен Ұлттар ұйымының бас хатшысы Антониу Гутерриш те бұл пікірді қостайды. Ол өз сөзінде келісім шарттарына сәйкес екі тарап бекітілген шарттарды бұзбай әрекет етуге тиіс деді. Сондай-ақ, ол бұл келісімнің сәтті жүзеге асуына атсалысқан Египет, Қатар, АҚШ өкілдеріне алғысын білдірді.

Антониу Гутерриш, БҰҰ Бас хатшысы:

- Біріккен Ұлттар Ұйымы бұл келісімді қолдауға дайын. Ең маңызды жайт аймаққа гуманитарлық көмектің кедергісіз кіруін қамтамасыз ету. Бұл реттен екі тарапты да бұл мәселеге бей-жай қарамауға шақырамын.

Ал АҚШ президенті Джо Байден бұл келісімнің тұтқындағы адамдар босап, өз отбасымен қауышуына мүмкіндік беретінін атап өтті. Саясаткер өз сөзінде екі тарапты келісімге келтіруге үлкен дипломатиялық күш-жігер жұмсалғанын айтты.

Джо Байден, АҚШ Президенті:

- Бірер күннен соң келісім ресми түрде күшіне енді. Қақтығысты кезең-кезеңімен тоқтату арқылы, Таяу Шығыстағы жағдай біртіндеп реттелетіне сенемін.