Америкалықтар TikTok орнына басқа қытайлық платформада тіркеліп жатыр

TikTok-тың АҚШ-тағы 700 миллион қолданушысы Қытайдың Ред Ноут атты өзге әлеуметтік желісіне өтті. Кейінгі аптада ол Apple Ап App Store тегін қосымшалар ішінде танымалдығы бойынша екінші орынға шыққан. Мұнда да фото мен видео жүктеуге болады. Бірақ барлық мәлімет тек қытай тілінде ғана қолжетімді.

Америкалықтар арасында қызығушылықтың артуы TikTok-тың бұғатталу мүмкіндігімен байланысты. Джо Байден тұсында қабылданған шешім бойынша 19 қаңтарға дейін қытайлық Байт Дэнс компаниясы бұл платформаны америкалықтарға сату керек. Әйтпесе АҚШ аумағында қызметі бұғатталады. Себебі ұлттық қауіпсіздікке қатер тудыруы мүмкін деген күдік бар. Бірақ 20 қаңтарда президенттік қызметіне кірісетін Дональд Трамп Жоғарғы соттан бұл шешімді кейінге қалдыруын сұраған.