Виктор Цой әнінің қолжазбасы бәссаудаға қойылады

Виктор Цой әнінің қолжазбасы бәссаудаға қойылады

Виктор Цойдың «Прохожий» әнінің қолжазбасы бәссаудаға қойылады. Бұл туралы «Литфонд» аукцион үйі хабарлады. Мәтін шамамен 40 жыл бұрын жазылған. Онда музыканттың қолтаңбасы бар. Ән 1988 жылы «Группа крови» альбомына кірген. Ресейлік музыкант Алексей Вишнянің мәлімдеуінше, шығарма негізі әзіл ретінде жазылған және Цойдың өзіне ұнамаған. Бәссауда 23 қаңтарда Санкт-Петербургте өтеді. Лоттың бастапқы бағасы 15 мың доллар.

Сондай-ақ аукционда Лермонтовтың «Герой нашего времени» романының көз жұмар алдындағы басылымы және Толстойдың «Соғыс және бейбітшілік» романының екінші басылымы саудаланады.