Британияда әрбір 45 минут сайын бір миллионер елден кетіп жатыр

Ұлыбританияда миллионерлер жаппай елден кетіп жатыр.

Бұл туралы Зэ Таймс ((The Times) басылымы хабарлады. Олардың мәліметінше, әрбір 45 минут сайын орташа есеппен бір ауқатты адам Корольдікті тастап кетеді. Былтыр Ұлыбритания 11 мыңға жуық миллионерінен айырылды. Олардың дені БАӘ, Италия және Швейцарияға қоныс аударған. Бұл қадамды сарапшылар премьер-министр Кир Стармердің ірі инвесторлар мен компанияларға салықты өсіру туралы жоспарымен байланыстырып отыр. Саясаткердің айтуынша, шара мемлекеттік қазынаға қосымша 40 миллиард фунт стерлинг кіріс әкелуге көмектеседі. Сөйтіп, бюджет тапшылығын азайтуға мүмкіндік береді.