Израиль мен ХАМАС арасындағы келісім күшіне енді

Израиль мен ХАМАС арасындағы бейбіт келісімнің бірінші кезеңі күшіне енді. Бұл кезең 6 аптаға созылады. Осы уақыт ішінде ХАМАС пен Израиль бір-бірінен кепілге алған адамдары толық босатуға тиіс.

Екінші кезеңде Израиль әскері Газадан шығарылады және Газа маңындағы буферлік аймаққа орналастырылады. Ал үшінші кезеңде тараптар Бірікккен Ұлттар Ұйымымен бірге Газаны қалпына келтіру жайын талқылайды. Келісімнің бұзылмауын АҚШ, Мысыр және Катар қадағалайды. Кейінгі екі кезеңнің нақты күшіне енетін уақыты әзірге белгісіз.