Газалықтар үйлеріне оралып жатыр

Олар қақтығыс күшейген кезде қауіпсіз жер іздеп бас сауғалап кеткен болатын.

Халықтың 90 пайызы 15 ай бойы шатырларда тұрды. Олар өз үйлеріне оралғанымен жылы төсек те, жайлы орын да жоқ. Үйлердің тек үйінділері ғана қалған. Тұрғындар бұған қарамастан тұрмысын біртіндеп оңалтуға ниетті. Біріккен ұлттар ұйымының дерегіне сүйенсек, 1 млн 900 адам қақтығыс аймағынан лагерлерге көшірілген. 

Исмаиль Әл-Шафии, Бейт-Лахии қаласының тұрғыны:

- Үйінділерде тұрсақ та, біз үшін басты нәрсе бас амандағы мен бейбітшілік. Жалғыз тілегім отбасымның басқа мүшелерін тапсам екен деймін. Олардың бірі солтүстікке, бірі оңтүстікке қарай ауып кеткен болатын.

Біріккен ұлттар ұйымының есебіне сәйкес Газа секторында 170 мыңнан астам ғимарат жермен-жексен болған. Инфрақұрылым түгел қирап, орнында тек үйінділер қалды. ЮНИСЕФ-тің дерегі бойынша мектеп ғимараттарының 95 пайызы жарамсыз. Бұл 800 мыңдай оқушы жазу сызусыз қалды деген сөз. Қазір Газада қайта қалпына келтіру жұмыстары біртіндеп басталды. «Алайда қалалардың қайта гүлденуіне жылдар қажет», ­- дейді мамандар.