Давоста экобелсенділер шеруге шықты

Швейцарияның Давос қаласында ондаған экобелсенді шеруге шықты. Бұл қалада Дүниежүзілік экономикалық форум басталады.

Наразы топ форумға қатысушылардан қоршаған ортаны ластанудан қорғау үшін шұғыл шаралар қабылдауды және дәулетті адамдарға салық салуды талап еткен.

Белсенділер: «Кедей мен байдың теңсіздігі артып барады, ал демократияның атын жамылған институттар түк істей алмай отыр», - деп айыптайды. Дүниежүзілік экономикалық форум 24 қаңтарға дейін жалғасады. Онда қарулы қақтығыстар, климаттың өзгеруі, жалған ақпаратпен күрес және тағы басқа мәселелер талқыланады.