Еуропадағы газ бағасы құрлықты көгілдір отынмен қамтуға қолбайлау болып тұр

Қысы суық Скандинавия елдерінде халықты газбен қамту деңгейі өте төмен.

Себебі көгілдір отын құны қымбат. Африка шикізатқа бай болғанымен халқының көбі газбен қамтылмаған.

Еуропа бойынша халықты газбен қамту деңгейі Скандинавия елдерінде төмен. Солардың ішінде әсіресе Швеция артта қалып отыр. Мұнда көгілдір отынның бір текше метрі біздің ақшамен бір мың теңгеден асады. Нидерланд, Ирландия мен Австрияда да газ қымбат. Мұнда шикізаттың бір текше метрінің орташа құны 800 теңге шамасында.   

Литвада бір жылда газ 70% қымбаттады

Ал газ бағасының өсуі бойынша Литвадағы жағдай күрделі. Мұнда бір жыл ішінде ол 70 пайызға қымбаттаған. Польша мен Словакияда шикізат құны 20 пайызға өскен. Ал Румыния, Грекия мен Данияда керісінше, бір жылда көгілдір отын 2 есе арзандаған. 

Африкада 600 млн тұрғын жарықсыз отыр

Әлем бойынша табиғи газ қорының 9 пайызы Африкаға тиесілі. Оған әсіресе Нигерия, Алжир мен Египет бай. Бірақ соған қарамастан, құрлықта халықты көгілдір отынмен қамту деңгейі өте темен. Содан мысалы, бір жарым миллиард тұрғынның 600 миллионы әлі күнге дейін электр энергиясына жарымай отыр. Сарапшылар энергетикалық кедейлік құрлықтың коммерциялық әрі өнеркәсіптік дамуына тұсау болып отырғанын айтады. Сондықтан кейінгі жылдары мұнда газ электр станцияларының құрылысы қарқынды жүріп жатыр. 

Жулдыз Атагельдиева