Перуде акуланың «атасы» табылды
Перуде үлкен ақ акуланың атасы табылды. Оған 9 млн жыл болған. Алып балық Тынық мұхитының оңтүстігіндегі суларды мекендеген, майшабақ тұқымдас кішкентай сардиналарды жегенді ұнатқан.
Сардина қалдықтары ежелгі акуланың асқазанында бүгінге дейін сақталған екен. Мұны жергілікті палеонтологтар анықтап отыр. Мамандардың айтуынша бұл түр қазір жойылған. Бірақ олардың жалғасы үлкен ақ акулалар әлі де бар. Табылған ежелгі балықтың ұзындығы 7 метрге дейін жеткен. Ал тістері 9 см-ге жуық. Негізі Перуде ежелгі су жануарлары көп табылады. Ғалымдар өткен жылдың қарашасында 10 млн жыл бұрын тіршілік еткен қолтырауынды, ал былтыр сәуірде 16 млн жыл бұрынғы дельфиннің қаңқасын көрсеткен.