Газа секторына бір күнде 630 жүк көлігі көмек жеткізді

Бейбіт бітім жарияланған алғашқы күні Газа секторына гуманитарлық көмек тиелген 630-дан аса жүк көлігі кірді. Бұл туралы БҰҰ-ның өкілдері хабаралады.

«Газаның Египетпен шекарасы бойына гуманитарлық көмектің бір айға жететін қоры алдын ала жинақталған. Азық түлік бір миллионнан аса адамды асырауға жетеді», - дейді мамандар. 19 қаңтарда Израиль әскері мен палестиналық ХАМАС ұйымы арасында оқ атпау туралы келісім күшіне енген еді. Атыс-шабысты тоқтатып, тұтқын алмасудан бөлек, құжатқа сәйкес Газаға күн сайын гуманитарлық көмек тиелген 600 жүк көлігі өтіп отыру керек.