Газада құрбандар саны 47 мыңнан асты

Газа секторында 2023 жылдың қазанынан бері Израиль шабуылдарынан қаза тапқандар саны 47 мыңнан асты.

Ал жарақат алғандар қатары 112 мыңға жуық. Бұл туралы анклавтың Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеген.

Израиль мергендері Рафах қаласында 2 жерде оқ жаудырып, 3 бейбіт тұрғынды өлтірді. Тағы 10 кісі жараланған. Құрбандар арасында 2 бала бар. Израиль әскері бірнеше палестиналықтың атысты тоқтату туралы келісімге сәйкес белгіленген аумақтан асып, сарбаздарға қауіп төндіргенін айтады. Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметі бойынша, Газа халқының 90 пайызы босып кеткен. 1 млн-нан астам палестиналық қазір шатырларда тұрып жатыр. Айта кетейік, ХАМАС пен Израиль арасындағы бейбіт бітім 19 қаңтарда күшіне енген болатын.

 Reuters: ХАМАС тұтқындардың екінші легін 25 қаңтарда босатады

ХАМАС израильдік тұтқындардың екінші легін 25-ші  қаңтарда босатады. Бұл туралы аталған ұйымға сілтеме жасаған "Рейтер" агенттігі хабарлады. Әзірге тұтқындардың нақты саны белгісіз. Негізі ХАМАС осының алдында қамауға алынғандарды әр сенбі босатынын айтқан болатын. Бейбіт бітімнің бірінші кезеңі 42 күнге созылады. Осы уақыт ішінде ХАМАС 30 израильдікті 1900 палестиналыққа айырбастауға тиіс. Сондай-ақ осы кезеңде Израиль әскері Газа секторының аумағынан кетуі керек.