Колумбияда төтенше жағдай жарияланды
Тиісті жарлыққа ел президенті Густаво Петро қол қойған. Ерекше режим енгізуге азаматтық соғыс себеп. Елдің солтүстігінде бүлікші топтар – Ұлттық азат ету әскері мен Төңкерісшіл қарулы күштер өзара қақтығысып жатыр. Соның салдарынан қазірдің өзінде 80 адам қаза тапты. Төтенше жағдайды жариялау президентке мәселелерді шешу үшін қажетті қаржыны тез аударуға мүмкіндік бермек.
Сарапшылар: «Ұлттық азат ету әскері мен Төңкерісшіл қарулы күштер 16 қаңтардан бері кокаин алқабы мен есірткі тасымалдайтын жолдар үшін күресіп жатыр», – дейді. Негізі Петро 2022 жылдың жазында билікке келгенде түрлі бүлікші қылмыстық топтардың арасындағы жанжалды түбегейлі тоқтатамын деп уәде берген болатын.