Давоста Дүниежүзілік экономикалық форум жалғасып жатыр
Швейцарияның Давос қаласында 55-ші Дүниежүзілік экономикалық форум жалғасып жатыр. Биыл ол 130 елдің өкілінің басын біріктірген.
Іс-шараның басты тақырыптары: Газа секторындағы ахуал, климаттың өзгеруі, гендерлік теңсіздік және жасанды интеллектіні дамыту. Алқалы жиынға 60 президент пен үкімет басшысы қатысып жатыр. Форум меймандары қатарында 1,5 мыңнан аса кәсіпкер, БҰҰ мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшылары бар. Алқалы жиын 24 қаңтарға дейін жалғасады.