No comment: Д.Трамп жарлығынан кейін мигранттардың халі қиындай түсті

Мексика, Венесуэла мен Колумбиядан ағылған мыңдаған мигрант АҚШ-тың оңтүстік шекарасында тұрып қалды, деп хабарлайды 24kz.

Ақ үйдің жаңа басшысы Дональд Трамп заңсыз көші-қонды тоқтату, келімсектерді елден қуу туралы жарлық шығарғалы мигранттардың халі қиындай түсті. Тіпті АҚШ президенті оңтүстік шекарада төтенше жағдай жариялаған. Қазір ол жақта сарбаздар күні-түні күзетте жүр.