Израильде ХАМАС шабуылын мойындамағандар 5 жылға сотталады
Израильде 2023 жылдың 7 қазанындағы шабуылды мойындаудан бас тартқандар қылмыстық жауапкершіліке тартылады. Парламент тиісті заң қабылдады. Соған сәйкес қарулы шабуылды жоққа шығаратын материалды жария еткендер 5 жылға бас бостандығынан айырылады. Өйткені мұндай әрекет палестиналық ХАМАС ұйымын ақтауға теңеледі. Сондай-ақ деректер бұрмаланды деп есептеледі.
Естеріңізде болса, 2023 жылдың күзінде ХАМАС мүшелері еврей еліне шабуыл жасап, 1200 адам көз жұмған еді. 200-дан аса адам тұтқынға алынды. Жауап ретінде Израиль қарулы күштері Газа секторында әскери операция жүргізіп, 47 мыңнан аса палестиналық қаза болды.