Трамп Д.Кеннедиді өлтіруге қатысты құпия құжаттарды жариялауды тапсырды

Дональд Трамп АҚШ-тың 35-президенті Джон Кеннедиді өлтіруге қатысты құпия құжаттарды жариялауды тапсырды, деп хабарлайды 24kz.

Ақ үй басшысы бұл бастаманы президенттігінің алғашқы мерзімінде ұсынған, бірақ ол кезде күштік құрылым жетекшілері келіспей қойған. «АҚШ азаматтарының шындықты білуге құқығы бар». - дейді Трамп. Сондай-ақ ол Роберт Кеннеди тұсындағы бас прокурор мен қоғам қайраткері Кіші Мартин Лютер Кингтің өлімдеріне байланысты атышулы істер бойынша да материалдарды жариялауды бұйырды. Алдағы 2 апта ішінде Ұлттық барлау басшысы мен Бас прокурор Трампқа аталған құжаттарды жариялау жоспарын ұсынуға тиіс.