Кипрдегі сириялық босқындар отанына оралуға ниетті

Кипрдегі сириялық босқындар отанына оралуға ниетті

Кипрде жүрген мыңнан аса Сирия азаматы мұнда баспана алу ойынан айнып қалды, деп хабарлайды 24kz.

Былтыр желтоқсанда Араб республикасында билік ауысқаннан кейін олар халықаралық қорғау туралы сауалын кері қайтарып, отанына оралу шешімін қабылдаған. Бір ай ішінде тағы 500-і үйіне қайтып кеткен. Кипр Сириядан 105 шақырым жерде орналасқан. Азаматтық соғыс басталғанда аралға ағылған мигранттар саны көбейген. Сөйтіп, қазір мұнда 14 мыңдай Сирия азаматы бар. Отанына ораламын дегендерге біздің ақшамен 800 мың теңгедей көмек көрсетіледі.