Д.Трамп Иорданияны палестиналық босқындарды қабылдауға шақырды
АҚШ президенті Дональд Трамп Иордания патшасы Абдолла Екіншімен телефон арқылы сөйлесіп, оны Газа секторындағы палестиналықтарды қабылдауға шақырды.
Босқындар саны 1 жарым миллион. Ақ үй басшысы Газа секторының толығымен қирағанын және паналайтын жер қалмағанын жеткізді. Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметі бойынша Газа секторындағы ғимараттардың 92 пайызы толық немесе жартылай қираған. Сондықтан барлық тұрғындар мәжбүрлі түрде босқынға айналды.