Конгода БҰҰ мен Оңтүстік Африканың 13 бітімгері қаза тапты
Конго Демократиялық Республикасының шығысында Біріккен ұлттар ұйымы мен Оңтүстік Африканың 13 бітімгері қаза тапты, деп хабарлайды 24kz.
Құрбандар арасында Малави және Уругвай азаматтары бар. Кейінгі 3 аптада көршілес Руандадағы бүлікшілер қақтығысты күшейткен. Зардап шеккен мыңдаған тұрғын үйлерінен безіп кетті. Қазір бұл аймақта жарық жоқ, су құбыры істен шыққан, ұялы байланыс та жұмыс істемейді. Конго билігі Руанда үкіметі әрекетсіз отыр деп айыптап, дипломаттарын кері шақырып алған. Руандалық бүлікшілер Конго Демократиялық Республикасының біраз аумағын басып алған.