Чилиде туристер мінген кеме апатынан алты адам қаза тапты
Чилидің орталық бөлігіндегі Бахиа Манса шығанағында туристік кеме апатқа ұшырап, 6 адам опат болды.
Тағы 7-уі із-түссіз жоғалып кеткен. Бұл туралы "Рио Негро" ((Rio Negro)) басылымы хабарлады. Қайғылы оқиғаға қозғалтқыштың істен шығуы себеп. Шағын кеме жартасқа соғылып, суға батып кеткен. Тергеушілер жалпы 32 жолаушы болған дейді. Олар кемеге шамадан тыс тиеліп отырып алған деген ақпарат бар. Жолаушыларда құтқару желеті болмаған. Капитан қамауға алынды. Оған "абайсызда кісі өлтірді" деген айып тағылған. Іздеу-құтқару жұмысы жүріп жатыр.