Үндістандағы діни рәсімде 15 адам жан тапсырды

Үндістанда «Кумбха мела» діни фестиваліне жиналғандар бірін-бірі таптап, 15 адам жан тапсырды. Тағы көптеген тұрғын жараланып, ауруханаға түскен. Ауыр халде жатқандары да бар. Оқиға елдің солтүстігіндегі Уттар-Прадеш штатының Праяградж қаласында болған. Діни рәсім Ганг және Ямуна өзендерінің түйіскен жерінде жасалған.

Associated Press хабарлауынша, ондаған мың адам бір мезетте қасиетті суға түсуге лап қойған. «Кумбха мела» фестивалі 12 жыл сайын өтеді. Биыл ол 13 қаңтарда басталған. Билік 6 аптаға дейін жалғасатын діни рәсімге 400 миллионнан астам адам келеді деп болжайды.