Мексика АҚШ қайтарған мигранттар үшін шатыр құрып жатыр

Мексика билігі АҚШ-пен шекаралас аймақта шатыр құра бастады. Мұнда АҚШ-тан депортацияланған мигранттар паналайды. Оларға жататын орындардан бөлек, тамақ та тегін. Медициналық көмек көрсетіліп, құжат рәсімдеу бойынша жәрдем беріледі. Сондай-ақ депортацияланған азаматтарды бұл жерден туған қалаларына жеткізетін автобустар жүреді. Мыңдаған адамға арналған баспана көп ұзамай дайын болуға тиіс. Мексика билігі АҚШ-пен шекаралас 9 қалада осындай орталықтар ашуға ниетті.

АҚШ билігі заңсыз мигранттарды жаппай еліне қайтарып жатыр

Өйткені Дональд Трамп ел тарихындағы ең ауқымды депоратация жүргіземін деп отыр. Қолда бар мәлімет бойынша АҚШ аумағында бүгінде 5 миллиондай мексиалық мигрант заңсыз жүр. Американың қорғаныс министрлігі сол шетелдіктерді депортациялау процесінің бейнежазбасын жария етті. Онда қолына кісен салынған мигранттардың ұшаққа мініп жатқаны көрсетілген.