ХАМАС кепілдегі үш израильдікті босатты

Газа секторында тұтқын алмасудың үшінші кезеңінде ХАМАС ұйымы тағы кепілдегі үш израильдікті босатты. Бірінші болып әскери қызметкер бостандыққа жіберілді.

Қазір Хан-Юнис қаласында қалған тұтқындарды азат етуге дайындық жалғасып жатыр. Израиль мен ХАМАС арасындағы келісімнің шартына сәйкес Израиль түрмесіндегі 110 палестиналық тұтқын босатылуға тиіс.