Қазақстан мен Өзбекстан трансшекаралық суды өлшеу құралдарын орнатады

Қазақстан, Өзбекстан және Тәжікстанның су ирригациясы автоматтандырылып, цифрландыру жүйесіне көшеді.

Жоба жыл соңына дейін аяқталуға тиіс. Бұл туралы Қазақстанның су рестурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Ташкентке жасаған сапарында айтты.

Ведомства басшысы жобаны неміс компаниясының жүзе асыратынын және Қазақстанда 5, Өзбекстанда 5 су өлшейтін құрылғы орнатылатынын жеткізді. Осы арқылы үш елдің су бойынша ашық ақпарат алуына мүмкіндігі болады. Министрдің айтуынша биыл Қазақстан диқандары судан таршылық көрмейді. Себебі қазір Шардара қоймасында су тиісті мөлшерден көп. 

Нұржан Нұржігітов, ҚР Су ресурстары және ирригация министрі:

- Біз осы вегетациялық кезеңде бірінші қазаннан бастап 11 млрд су алу керекпіз. Артық алдық қазір. Соның арқасында.

Суды үндемдеу технологиясы бойнша былтыр елімізде 400 шақырым су каналдарының асты бетондалды. Биыл 1531 шақырымға сондай жұмыс жүргізіледі. Ал үкіметтің бағдарламасы бойынша 2028 дейін 14 жарым мың шақырымға үнемдеу технологиясын енгізу көзделген.