Әзербайжанда донорларға сұраныс жоғары
Әзербайжанда ағза донырлығына сұраныс үш есе артты.
Бұл елде ерікті донорлар қатары артып келеді. Жыл сайын елде үш жүзден аса трансплантациялық операция жасалады.
Мамандардың айтуынша науқастардың басым бөлігі бүйрек пен бауырға мұқтаж.
Бауыр және бүйрек трансплантациясы ең күрделі әрі ұзақ уақытты талап етеді. Ол Әзербайжанда міндетті медициналық сақтандыру жүйесі аясында тегін жасалады. Алайда қажетті органды таңдау үшін ережеге сәйкес қатаң талаптар орындалуға міндетті.
Эльдар Ахмедов, хирургия орталығы директорының орынбасары:
- Операцияан кейін белгілі бір уақыттан соң донордың денсаулығы біршама нашарлауы мүмкін. Дегенмен, көп жағдайда олар қалыпты өмірін жалғастырып, бұл процесс оларға ешқандай қиындық тудырмайды.
Әзербайжанда ағза трансплантациясына мұқтаж науқастардың саны шамамен мыңға жуықтайды. Бәрі өз кезегін күтіп жүр. Донорларға қатысты барлық мәлімет ортақ базада жинақталған. Оның ішінде тірі кезінде донор болуға келісім бергендердің де тізімі бар.
Эльдар Ахмедов, органдардың хирургиялық трансформация орталығының директорының орынбасары:
- Донорлыққа келісім берген адам ағзасының трансплантацияға жарамды болатынына толық кепілдік жоқ. Ол үшін донор жасанды тыныс алу аппаратына қосылып, ми өлімі ресми түрде расталуы қажет. Осыдан кейін ғана ағзаларды 2-3 күн ішінде пайдалануға болады. Дегенмен, донорлыққа жас кезінен келісім бергенімен, қартайып, ауыр сырқаттан қайтыс болған адамның ағзалары жарамсыз болуы да мүмкін.
Донор болу шамамен 8 адамның өмірін аман алып қалады. Десе де, халық арасында дінге байланысты донорлыққа рұқсат етілмейді деген пікірлер жиі айтылады. Алайда жергілікті мешіт имамының айтуынша, ислам ағза донорлығына тыйым салмайды.
Рза Рзаев, мешіт имамы:
- "Мәида" сүресінің 32-аятына сәйкес: «Кім адам өмірін сақтап қалса, ол бүкіл адамзаттың өмірін сақтап қалғанмен тең» деп жазылған. Яғни мағынасында жақындарымызға көмек көрсету мен адам өмірін сақтап қалудың қаншалықты құнды әрі маңызды екендігін терең әрі айқын баяндайды.
Бүгінде Әзербайжанда түрлі органдарды трансплантациялау бойынша ота жасау жұмыстары нәтижелі түрде жүзеге асырылып, дамып келеді. Екі жыл бұрын сүйек кемігін және дің жасушаларды трансплантациялау процесін жеңілдету мақсатында арнайы заң қабылданды. Егер науқасқа ел ішінде донор табылмаса, қажетті органдарды Түркиядан іздеу тәсілі қолданылып отыр.
Динара Орынтай, Райхан Серикова