ХАМАС екі израильдікті бостандыққа жіберді

ХАМАС екі израильдікті бостандыққа жіберді

ХАМАС ұйымы екі тұтқынды Қызыл Креске тапсырды. Израиль қорғаныс әскерінің баспасөз қызметі осылай деп хабарлады.

Қазір олар қабылдау пунктіне жеткізілді. Ол Газа секторы мен Израиль шекарасы аумағында орналасқан. Бұл жерде тұтқыннан босатылғандарды медицина қызметкері, психолог және Израиль қорғаныс армиясының мамандары күтіп алады. Тексеруден өткеннен кейін олар туыстарымен кездесе алады. Келісімге сәйкес ХАМАС бүгін тағы бір израильдікті босатуға тиіс. Мұнан соң Израиль тарапы 90 палестиналықты азат етеді.