SWAT Challenge-2025: бас жүлдеге талас қызып жатыр. LIVE
Дубайда арнайы жасақтар арасында өтіп жатқан әлемдік «SWAT Challenge» бәсекесінің бүгін шешуші кезеңі. Онда еліміздің белгілі командалары өнер көрсетеді. Санаулы сәттерден кейін «Сардар», «Арыстан», «Бүркіт» және «Сұңқар» сапындағы сайыпқырандар жүлдеге таласты бастайды.
Көш басындағы «Қытай полициясымен» араны 1 ғана ұпай бөліп тұр. «Сұңқар» қамшы басып, мықтылығын тағы дәлелдесе жалпы командалық сында алтынды қанжығалауы мүмкін.