Ұлттық ұлан офицері тәулік бойы қозғалыссыз жатқан қарияны құтқарды
Ұлттық ұлан офицері бір тәулік бойы көмексіз жатқан қарт адамды құтқарды, деп хабарлайды 24kz.
Оқиға Көкшетау қаласында болған. Қоңырауларға жауап бермей, есікті ашпай жатқаннан сезіктенген қарияның туыстары жақын маңдағы патрульден көмек сұраған. 55/10 әскери бөлімінің взвод командирі Еркен Халиолин екінші қабаттағы пәтерге терезеден кіріп, дәлізде жатқан зейнеткерді көрген. Кейін қарт кісінің түнде құлап, жамбас және иық сүйектерін сындырып алғаны анықталды. Еркен Халиолин зардап шеккен әйелге алғашқы медициналық көмек көрсетіп, дәрігерлерге тапсырды.
Нұрбол Қабдинов, Көкшетау қаласының тұрғыны:
- Әскери бөлімінің басшыларына, командирлеріне және көмектескен сарбаздарға, алғысымыз шексіз. Апамыздың атынан, отбасымыздың атымыздан, жұмыстарында жеміс теілейміз. Биік белестерден көріне беріңіздер. Сарбаздар аман есен Отан алдындағы борышын өтеп, аман-есен өз елдеріне оралуға жазсын.