Грекияда жер сілкінісінен 9000 адам эвакуацияланды
Грекияның Санторини аралында жер сілкінісінен кейін 9000 адам қауіпсіз жерге көшірілді, деп хабарлайды 24kz.
Оларды эвакуациялау үшін паромдар мен ұшақтар пайдаланылды. Аралда ақпан бастала салысымен 200-ден аса жер сілкінісі тіркелді. Сейсмикалық белсенділіктің артуына байланысты билік қауіпсіздік шараларын күшейтіп жатыр. Мектептер уақытша жабылды. Қонақүйлерде бассейндерге су толтыруға тыйым салынған. Тұрғындар мен демалушыларға кемежайдан аулақ жүруге кеңес берілді. Санторини – Грекиядағы танымал туристік орын. Жыл сайын 3 миллионнан аса адам саяхаттап барады.