Иордан өзенінің батыс жағалауында еврейлер көбейді
Иордан өзенінің батыс жағалауында еврейлердің қоныстануы көбейді. Ресми дерек бойынша былтыр көрсеткіш 2,3%-ке артты. Яғни 12 мың адамға көбейіп, тұрғын саны 529 450-ге жеткен. Қоныстанушы саны АҚШ президенті Дональд Трамптың әкімшілігі кезінде айтарлықтай өсуі мүмкін. Сарапшылар осылай дейді.
Израиль бұл аумақты 1967 жылы басып алған. Содан бері 130-ға жуық елді мекен салынды. Халықарлық сот Израильдің бұл әрекетін заңсыз деп таныды. Өйткені батыс жағалаудағы халықтың басым бөлігі – палестиналықтар. Олардың саны 3 миллионға жуық. Таяу Шығыстағы қақтығыс күшейетін болса, 2030 жылға қарай еврейлер саны 600 мыңға жетеді деген болжам бар.