Қалаулы кәсіп. Газ дайындау учаскесінің операторы

Бүгінгі бағдарлама кейіпкері 1990 жылы Атырау мұнай-газ институтының Мұнай факультетіне оқуға түсті. 1996 жылы оны тәмамдап, мұнай саласындағы еңбек жолын бастады. Мұнай өндіру ісі мен оны дайындау қондырғыларында жұмыс жасады. 2013 жылы өндіріс ошағында газ дайындау қондырғысы салынып, газ дайындау учаскесінің операторы болып ауысты. «Бұл жерде еңбек еткеніме 20 жылдай болды. Ел экономикасының күретамырына айналған мұнай-газ саласында қызмет ететінімді мақтан тұтамын», – дейді кейіпкеріміз. Толығырақ осы шығарылымда.