Қарағанды облысының Шет ауданынан тарихи жәдіргерлер табылды

Қарағанды облысының Шет ауданындағы Талды археологиялық кешенінде қола, темір дәуірлеріне жататын қорымдардан жаңа жәдіргерлер табылды. Оларды зерделей келіп, ғалымдар осы төңіректегі Қызылжартас қорымында сақ заманының патшасы жерленген, деген болжам жасап отыр.

Еске салсақ, Қызылжартаста 2500 жыл бұрын салынған қорымдардың алғашқысы былтыр зерттелген. Биыл оның маңындағы екінші қорым аршылуда. Қос қорымнан да жерленген адам қаңқалары табылыпты. Мұндағы ең ерекше жерлердің бірі ерте темір дәуіріне жататын қос сақ қорымы. Бұл қорымдардың ғылымға берер жаңалығы мол дейді ғалымдар. Талды археологиялық кешенін аспан астындағы мұражайға айналдыру жұмыстары да аяқталуға жақын.

Түлкібай Төлеуов, облыстық тарихи-мәдени мұраны сақтау орталығының басшысы:

- 20 шақты археологиялық нысандарда археологиялық қазба жұмыстары жүргізілді, 15 нысанда қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Нәтижелері жаман емес. Әлемдік дәрежедегі жаңа жәдігерлер табылып жатыр. Пирамида бүкіл әлемге белгілі болып жатыр. Аспан астындағы мұражайдың құжаттарын дайындап, соны тіркеуден өткізіп, биыл ашамыз деген жоспарымыз бар.