Түркістанда музейге көне заттар табыс етілді

Түркістанда музейге көне заттар табыс етілді

Түркістан қаласының тұрғыны Тұрмағанбет Лахабаев екі ғасырлық тарихы бар мұраларды Әзірет Сұлтан музейіне табыс етті.

Тарихи, діни-рухани кітаптар мен жазба ескерткіштер қарияға ата-бабасынан мұра болып қалған. Күні бүгінге дейін көне сандықта ораулы жатқан мұраларды көздің қарашығындай сақтап келген қария енді оларды әрі қарай Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне тапсыруды жөн санапты. Ал Әзірет Сұлтан қорық-музейінің ғылыми қызметкерлері 81 жастағы Тұрмағанбет Адамбекұлының тарихи құндылықтарға жауапкершілікпен қарап, музейге тапсырғанына ризашылығын білдірді. Көне кітаптарды әрі қарай кәсіби тұрғыда сақтайтындарын айтты. Қазір музей қызметкерлері көне кітаптарды аударып, зерттеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Тұрмағанбет Лахабаев, қала тұрғыны:

- Әкемнен 3 жасымда қалғам. Әке-шешеме тапсырған. Бұл нәрсе біздің үйде менің отанымда тұрды. Әкеден қалған нәрсені ешкім баспасын, ешкім тимесін деген мақсатпен музейге тапсырып отырмын.

Ерсін Тәжібаев, "Әзірет Сұлтан" қорық-музейі директорының міндетін атқарушы:

- Жалпы заттардың сақталуы өте төмен жағдайда. Өйткені қария бұл заттарды соңғы рет 50-жылдары ашып қараған. Ол кезде заттардың сақталуы орташадан жоғары болғанымен де қазір араға 50 жыл салғандықтан заттардың сақталуы нашар күйге түскен. Кітапта жазылған дүниелер Адам алейкум ассалам мен Ібіліс арасындағы оқиғаларды баяндайды. Және ауруларды емдеу дұғалары жазылған.