Германияда қазақстандық суретшінің көрмесі ашылды

Германияда қазақстандық суретшінің көрмесі ашылды

Германия астанасында қазақстандық танымал суретші Бақытнұр Бүрдесбековтің көрмесі ашылды.

Шараға мәдениет қайраткерлері, қазақстандық дипломаттар мен шетелдік коллекционерлер қатысты. Көрмеге қылқалам шеберінің 30-ға жуық еңбегі қойылды.

Айта кетейік, бұл Бақытнұр Бүрдесбековтың шетелде өткен алғашқы көрмесі емес. Оның картиналары әр жылдары Франция, Түркия, Жапония және АҚШ тұрғындарының назарына ұсынылған болатын. Берлиндегі көрме 2 айға созылады. Қазірдің өзінде бірнеше сурет сатылып кеткен.

Алексей Шрайнер, "ARS PRO DONO" галереясының негізін қалаушы:

- Әдетте адам қымбат туындыны таңдағанда бірнеше ай, бірнеше күн, тым құрығанда, жарты күн, бірнеше сағат ойланады. Бір әйел адам суретті 10 минут қарады да сатып алуға бірден шешім қабылдады. Ол бұл картинаға бір көргеннен ғашық болып қалды десем қателеспеспін. Бұл мен үшін де үлкен абырой. Себебі көрменің текке ұйымдастырылмағанына көз жеткізесіз. Сатып алушылар ғана емес, өнердің бағасын білетін адамдар да көптеп келіп жатыр. Олар "о, керемет көрме өтіп жатыр" дейді.