Өзбекстанмен туризм саласындағы әріптестік нығаяды

Өзбекстанмен туризм саласындағы әріптестік нығаяды

Түркі елдері мәдени һәм тарихи мұраларын дүниежүзіне бірлесіп танытпақ. Ұйымға мүше мемлекеттер өкілдері Самарқанда бас қосып, осындай уағдаластыққа қол жеткізді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ежелгі шаһарда түркі кеңесінің туризм бойынша отырысы өтті. Бұл мемлекеттердің қай-қайсы да жыл сайын миллиондаған саяхатшы қабылдайды. Былтыр Түркістанға 1 млн 400 мың турист барды. Дей тұрғанмен, түбі бір туыстас халықтардың байланысы кең насихатталмайды. «Түркістан-Самарқан-Бұқара» бағыты танымал емес. Мәселен, Самарқанға барған саяхатшының түркі әлемінің рухани астанасына ат басын бұруы сирек жағдай. Арадағы жаңа келісім жағдайға оң ықпал етпек дейді мамандар.

Рашид Аюпов, Түркістан облысы әкімінің орынбасары:

– Өзбекстанның кәсіпкерлерімен келісіп, күніне 1 автобус шығару мүмкіндігі туралы айтып, меморандумға қол қойдық. Олар наурыз айынан бастап Қазақстанға, Түркістанға туристер әкеледі. Былтырдан бастап Ташкент-Түркістан арасында ұшақ ұшып жатыр. Біз жақтан билет арзан. Билеттердің 80-90 проценті сатылып жатыр. Өзбекстаннан келетін туристер қазір көп.