Дін көшбасшылары съезіне 50-ге жуық мемлекеттен мейман келеді

Осымен жетінші рет өткелі отырған дін көшбасшылары съезінің елімізге ғана емес, әлемдік қауымдастыққа беретін маңызы зор.

Сақа сарапшылар осылай дейді. Өркениеті көш ілгері елдер қазір кез келген мәселені диалог арқылы шешетіні белгілі. Бұл жиынның да жыл санап мәртебесі артқан. Мысалы ең алғашқы съезге 17 елден делегация жиналса, биыл 50-ге жуық мемлекеттен мейман келеді. Ортақ талқылайтын тақырыптардың да тізімі дайын.

Салтанат Әлімқұлова, Өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі  бас сарапшы:

- Бірнеше секцияларға жұмыс істейді. Оның ішінде әр түрлі тақырыптарға тоқталады. Бұл сьездің ерекшелігі дін басшылардан бөлек, мемлекет қайраткерлері, ірі беделді ұйымдардың басшылары қатысады. Одан бөлек саяси және қоғам қайраткерлері де қатыспақ. Диалог арқылы келіссөз арқылы, бейбітшілік пен тұрақтылықты орнату бұл біздің Қазақстан мемлекетінің ұстанымы. Бұл барша адамзат үшін де өте маңызды тақырып.

Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының бұған дейінгі басқосуында сан түрлі тақырып талқыға түскен. Ал, бұл жолы съездің 20 жылдық тарихында алғаш рет әйелдердің қоғамдағы рөлі сөз болмақ.

Салтанат Әлімқұлова, Өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі  бас сарапшы:

- Қазір әйелдің әлеуметтік мәртебесіне қатысты Қазақстанда ғана емес жалпы әлемдік қоғамдастықта мәселелер бар. 04,31 Оның ішінде діннің рөлі. Жалпы бұл жерде айта кету керек ешқандай дінде қыз-келіншектер билік басына келмесін немесе қоғамда белсенді болмасын деген ешқандай қасиетті мәтіндерде жоқ. Осы мәселелер талқыланады.  

Айта кету керек, пандемиядан кейін діни көшбасшылар жиыны бірінші рет өткелі отыр. Дәстүрлі дін жетекшілерінің ортақ талқылайтын тақырыптары да жетерлік. Төрткүл дүние көз тіккен алқалы жиынға адамзат баласының руханиятқа ден қоюы арқау болмақ.

Авторлары: Айнұр Қуатқызы Марат Диханбаев