Елімізге әлемнің 70-ке тарта елінен Димаштың жанкүйерлері жиналды

Олар Димаштың концертін тамашалау үшін арнайы келген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір Алматының орталық стадионында қызу дайындық жүріп жатыр. Димаш Құдайбергеннің «СТРЕН-ДЖЕ» атты концерті бүгін кешкі сағат 8-де басталады. Десе де, қазірдің өзінде стадионның алдына халық жинала бастаған. Әсіресе, фан-клубтар белсенді. Вьетнамдық Май Фанды Димаштың нағыз жанкүйері десек болады. Жасы 28-де IT саласында инженер. Хошиминде тұрады. Димаштың концертінен қалып көрген емес. Бұл жолы да келуге уақыт тапты. Соңғы бір жылда қазақ тілін әжептеуір меңгеріп алған. 

Май Фан, жанкүйер /Вьетнам/:

Сәлеметсіз бе! Димаштың арқасында қазақ тілін үйреніп жүрміз. Димашты жақсы көремін

Ноэми Агере, жанкүйер еру/:

Мен Перуден келдім. Димаш үшін әлемнің қай түкпіріне болса да барамын. Концерт өте жоғары деңгейде өтеді деген ойдамын. Алматы керемет, әдемі қала. Мұндай қалада өмір сүру үлке бақыт емес пе? Концертте кездесейік.

Кристина Адни, жанкүйер /Индонезия/:

Ал біз Индонезиядан келдік. Отбасымыз болып түгел келдік. Керемет емес п?! Димашты жақсы көрмеу мүмкін емес. Мен оның талантына басымды ием. Оның мүмкіндігі өте зор. Мен бұрын соңды мұндай дауыс иесін естім көрмедім.

Мартиз Смит, жанкүйер /АҚШ/:

Мен Домиканда туғам. Бірақ қазір АҚШ-та тұрам. Өзіміздің фан-клубымыз бар. Сол жерде ақпарат алмасып тұрамыз. Нью-Йорктегі концертінде де болғам. Міне, енді Алматыға келіп тұрмын. Көңіл-күйіміз керемет. Қаланың аурасы да жақсы екен. Ауа-райы да тамаша болып тұр.Концерттің басталуын асыға күеміз.

Димаш Құдайбергенді алматылықтар да көптен күтті. Бұл Димаштың Алатау бөктеріндегі қаладағы алғашқы жеке коненрті.

Үміт Төлендинова, қала тұрғыны:

– Димаштың өнеріне тәнті болған, маған өмірімде жаңа бір өмірдің қуанышын сыйлаған Димашымыздың талантын мақтаныш тұтам. Қазағымның маңдайына біткен алтын баламызға мың алғыс.

Айзада Еркінқызы, қала тұрғыны:

– Димашты алты жасымнан бастап жақсы көрем. Осы Алматыдағы концертін алты жыл күткем. Өте қазір қуаныштымын. Фан зонаға алғшқылардың бірі болып билет алдым. 

Ауқымды іс-шараны ұйымдастыруға 200-ден маман, 400 волонтер жұмылдырылған. Көрермендерді ультразаманауи, ауқымды және әсерлі шоу күтіп тұр.

Авторлары: Қарлығаш Қайыпбекова, Нұрдәулет Жақсыбаев