Сеул орталығында қазақтың ұлттық киімі көрсетілді

Сеулдегі ең үлкен саябақта сән көрсетілімі өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Көрермендерге қазақ, вьетнам, корей ұлттық киімдері көрсетілді. Фестиваль Қазақстан, Оңтүстік Корея және Вьетнам арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың 30 жылдығына орайластырылды. Подиумнан қазақстандық студенттер жүріп өтті. Топтаманың ішінде дизайнер Динара Қошқарбаеваның авторлық көйлектері де бар. Отандасымыз Кореяда 2010 жылдан бері тұрады. Киім тігуді ол 4 жыл бұрын бастаған. Қолөнерді интернеттен бейнероликтерді көріп, қазақстандық дизайнерлердің онлайн сабақтарына қатысып, үйренген. Динараның әлі жеке шеберханасы жоқ. Ол үйде отырып, тігін тігеді.

Динара Қошқарбаева, дизайнер:

Өзім мен домбырашымын. Термені айтып, сахнада жүретін болғандықтан, киім жетіспеушілігі сахналық киім керек болды. Қазақстаннан алдыртатын болсаң, ол қымбат, оны алдырту өте ыңғайсыз. Содан кейін «әй мен өзім тігейінші» деген ойға келдім.