Түркістанда «Гамлет», «Қаракөз», «Фауст» спектакльдерінің премьерасы өтті

Түркістанда «Гамлет», «Қаракөз», «Фауст» спектакльдерінің премьерасы өтті

Қазақ сахнасында тұңғыш рет «Триптих»: «Гамлет», «Қаракөз», «Фауст» спектаклінің премьерасы өтті.

Мұхтар Әуезов, Уильям Шекспир және Иоганн Гёте сынды үш алыптың шығармасы Түркістан музыкалық театрының сахнасында тоғысты. «Триптих» үш жазушының әйгілі үш туындысының сахналық нұсқасы. Бұл туындылардың жарық көргеніне ғасырлар өтсе де әлі күнге дейін өзектілігін жоймай келеді. Мамандар әлемдік деңгейдегі шығармалар біртұтас режиссерлік көзқарасқа негізделіп, қазақ театр сахнасында алғаш рет сахналанып отырғанын айтады. Қойылым режиссері Әлібек Өмірбекұлының айтуынша, олар спектакльді замануи тілде сөйлеткен. Сондай-ақ бұл қойылым Түркістан музыкалық театры актерларын жаңа қырынан ашады. Театр тынысын заманауи бағытқа бұрып, тың ізденістерге жетелейді. Белгілі театртанушы Мирас Әбіл шығармаларды заманауи сахна  тіліне аударса, компазитор Хамит Шанғалиев сазбен көркемдепті.

Әлібек Өмірбекұлы, қойылым режиссері:

- Қазір әлемде адами қасиет, сыйластық, сенім сияқты құндылықтардың барлығы арзандап кетті. Олардың ұлы қасиет екенін тек сөз жүзінде ғана айтамыз. Ал іс жүзінде бәріміз материалдық құндылықтарды жоғары қоямыз. Біз осындай алмағайып, технология дамыған заманда да бәрібір махаббаттың баға жетпес ең асыл сезім екенін көрсеткіміз келді. Сондай-ақ оны заманауи тілмен түсіндіруге тырыстық.