Елордада Қырғызстанның мәдени күндері өтіп жатыр

Заманауи қырғыз суретшілерінің пейзаж және сюжеттік-тақырыптық туындылары Ұлттық музейдегі көрме залына қойылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қырғыз кескіндеме өнерінде этюдтық туындылардың алар орны зор. Экспозицияға қырғыз еліндегі атақты Г.Айтиев атындағы ұлттық бейнелеу өнері музейінің қорынан 50-ден аса туынды әкелінген. Көрме екі елдің бейнелеу өнері саласындағы ынтымақтастығын дамытып, тың туындылар арқылы қылқалам иелері арасында өзара тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді.

Аслан Қашқарбаев, Қырғызстан суретшілер одағының мүшесі:

Бир учқан құшта бир қанаты қырғыз, бир қанаты қазақ дегендей бізде тушінік бар. Титимизде де уқшоштық бар. Бизде тек чегара бөледі болды, ондан башқа ештеңе жоқ.

Бақытқали Оразов, Қазақстан суретшілер одағының мүшесі:

– Қырғызстан суретшілерінің жұмыстары өте жақсы. Оларда реализм негізінде мықты мектеп, еркіндік жұмыстары да бар соларды қарап танысып. Олардың салған еңбегі екінші жағынан қарап отырсаң, үлкен бір әңгіме өнер арқылы жеткізіп жатқан.

Бауырлас елдің мәдениет күндері аясында елордада Қырғыз кино туындылары көрсетіліп, ғылыми конференция, театр өнері ұжымдарының қойылымдары ұсынылып жатыр.