Алматыда республикалық «Шертпе күй» дәстүрлі музыка фестивалі өтеді

Үздік күйші 1 млн теңге алады. Ал күй тартудағы кіл мықтылар Алматыда 1-3 желтоқсан аралығында өтетін республикалық «Шертпе күй» дәстүрлі музыка фестивалінде анықталады, деп хабарлайды «Хабар 24».      

Бұл туралы Мәдениет комитеті төрағасының орынбасары Данияр Әлиев мәлімдеді. Оның айтуынша, күй сайысы үш күнге созылады. Фестиваль аясында «Домбыра» номинациясы бойынша конкурс өтеді. Оған еліміз бойынша 16-35 жас аралығындағы домбырашылар қатысады. Домбыра додасына «Жүзден жүйрік» шыққан 45 күйші қатысады.

Данияр Әлиев Мәдениет комитеті төрағаның орынбасары:

- Күй – қай замандада ұлттық код деп айтамыз. Қазақтың сонау ғасырлар қойнауынан сыр шертетін күй өнері қай заманда да өз қасиетін жоғалтқан емес. Сол қасиетті өнерге деген құрметтің жемісі осы шертпе күй соның айқын айғағы.