Қазақша контент қоржыны «D-Agent» мультсериалымен толықты

Қазақша контент қоржыны «D-Agent» мультсериалымен толықты

Қазақша контент қоржыны тағы бір жаңа мультфильммен толықты.

"D-Agent" деп аталатын мультсериалдың тұсаукесер рәсімі бүгін елордада өтті. Идея авторы белгілі блогер Дәулет Мұқаев.

Отандық анимациялық өнім 10 сериядан тұрады. Әр сериясының ұзақтығы шамамен 5 минут. Мультфильм көптің көңілінен шығып жатса, жалғасы түсіріледі. Басты кейіпкерлері "Д-агент", ит пен мысық және робот.

Дәулет Мұқаев, идея авторы:

- Бұл бүгін сағат 21:00-де ютьюб арнаға шығады. Арна арнайы бүгін ашылды ҰрпақТВ деген. Содан көрсетіле бастайды. Ол ютубқа толығымен шығып болғаннан кейін Балапан арнасынан көрсету жоспарымызда бар. Ұлттық дүние, кейіпкерге тақияны кигіздік. Келесі бір серияларында ұлттық киім, нақыштарды көрсете білу баланың көзі үйренеді. Ұлттық киімдерді көрген не үшін тек Наурыз елестеуі керек.