Былтыр елге шет мемлекеттен 7 мың тарихи құжат әкелінді
Тарихымыздан сыр шертер құжаттарды түгендеу мақсатында былтыр мамандар шет мемлекеттерден елге 7 мыңнан астам құжат әкелді. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов ведомствоның кеңейтілген алқа отырысында айтты.
Ғылыми реста-врациялық жұмыстар мен археологиялық зерттеулер ар-қасында, музей қорлары тұрақты түрде жаңа жәдігерлермен толығып жатыр. Мәселен, өткен жылы 18 археологиялық зерттеу жасалып, 30-ға жуық ескерткіш жөнделді. Мұрағат саласындағы тағы бір өзекті мәселе бар. Бүкіл ел бойынша мұрағат қоймалары толы. Осыған байланысты құнды деректерді сақтауға арналған қосымша ғимараттар салу қажет.
Асхат Оралов, ҚР Мәдениет және спорт министрі:
- Мәселен, бүгінгі таңда 500 мың бірлікті сақтауға арналған 20-ға жуық мемлекеттік мұрағат ғимаратын салу қажеттілігі бар. Әрине, бұл бастама ведомствоаралық жұмыс пен үйлестіруді талап ететіні сөзсіз. Биылғы жылы негізгі міндет Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен өзара іс-қимыл жасай отырып, жобалау-сметалық құжаттаманы дайындау.