Еліміздегі ең дарынды ерекше театр актерларының гастрольдік сапары басталды
Ұлттық Дельфий Комитетінің қолдауымен Астанада жастардың ым-ишарат тіліндегі әлеуметтік драмасы ұсынылды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Әйгілі Киплингтің «Біздің қанымыз бір!» атты қойылымын тамашалауға келгендердің қарасы қалың. Көрермендер арасында кешке арнайы шақырылған қонақтар да бар. Ұйымдастырушылардың айтуынша, ерекше туынды ешбір жанды бей-жай қалдырмайды. Бұған дейін жас актерлар бұл шығарманы еліміздің 20 қаласында және халықаралық фестивальдарда сәтті сахналап шықты.
Айта кетейік, «Ерекше театр» жобасы 2018 жылы Ұлттық дельфий комитетінің ұйымдастыруымен құрылды. Мақсат – мүмкіндігі шектеулі жастар мен балаларды театр өнеріне баулу.